Текст
Бүгін колледж студенттері "Ел барда, ер ұмытылмайды"жалпыұлттық диктантын жазуға қатысты.
Диктанттың мақсаты-мерейтойлары биыл атап өтілетін еліміз тарихында тағылымы зор тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау:
- көрнекті геолог ғалым, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
- рейхстагты Жеңу туын орнатқан Қазақстанның Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл
- Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Батыры, егемен Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл