Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж, город Ерейментау" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жатақхана тәрбиешісі бос лауазымының 1,0 ставкасына орналасу бойынша конкурс

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

 

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК-нің тұрақты жұмысқа Жатақхана тәрбиешісі бос лауазымының 1,0 ставкасына орналасуға конкурс жариялайды.

Негізгі функционалдық міндеттері:

жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;

білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;

жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады;

білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;

білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 129258 теңгеден 145222 теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта), жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог- зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңдары және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогикалық этиканың нормалары;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;

еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға ХҚКО арқылы немесе Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК  келесі құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК-нің басшысының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариат немесе жұмыс орнынан кадр қызметі растайды.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК-нің қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК-нің ресми сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күн ішінде Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК-нің сенбі және жексенбіден басқа күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін тапсырылуы тиіс.

Анықтама телефоны 2-10-35, мекенжайы: Ұмбетей жырау көшесі, 16 электрондық мекенжайы kolledzh8@mail.ru

 

Жаңартылған күні: 07.11.2023 09:49
Құрылған күні: 07.11.2023 09:49

Текст