Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж, город Ерейментау" при управлении образования Акмолинской области

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

О колледже

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК-нің тұрақты жұмысқа педагог-психолог бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Негізгі функционалдық міндеттері:

Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметті жүзеге асырады. Түрлі бағыттағы және бағыттардағы психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүргізеді. Педагогикалық ұжымды білім алушылардың жеке және әлеуметтік даму мәселелерін шешуге бағыттау мақсатында психологиялық-педагогикалық қорытындылар жүргізеді және талдайды. Білім алушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтаудың әртүрлі жағдайларында бағдарлауға дайындығын дамытуға ықпал етеді. Әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық). Психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғаныс талаптарын орындайды. Белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 130134 теңгеден 153300 теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

"Психология" мамандығы бойынша жоғары білім немесе бейін бойынша жоғары медициналық білім.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы ", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілер; педагогика теориясы, психология, жас физиологиясы, гигиена, белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі, оқу жоспарлары мен бағдарламалары; педагогикалық ғылымның дамуы мен жетістіктерінің негізгі бағыттары, экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға ХҚКО арқылы немесе Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК  келесі құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК-нің басшысының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариат немесе жұмыс орнынан кадр қызметі растайды.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК-нің қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК-нің ресми сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күн ішінде Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау қаласы,  агротехникалық колледжі" МКҚК-нің сенбі және жексенбіден басқа күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін тапсырылуы тиіс.

Анықтама телефоны  2-10-35, электрондық мекенжайы kolledzh8@mail.ru

Жаңартылған күні: 18.02.2020 14:40
Құрылған күні: 22.08.2022 14:29

Текст