Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мәлік Ғабдуллин

06.05.2020

 Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада бұрынғы Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаннан кейін Отан алдындағы әскери борышын өтейді.
Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанды. Генерал И.В.Панфиловтың 8-гвардиялық дивизиясында аға политрук болып, жауға қарсы шайқастарға қатысты. Мәлік өз ерлігімен Мәскеуді қорғауда жарқырап көзге түсті. 1942 жылы Новгород облысы Холм қаласының маңында болған ұрыста қазақтың ержүрек ұланы басқарған сарбаздар жаудың екі танкісін гранатамен жарып, 12 солдатын тұтқынға алды. Мәліктің өзі жараланса да, ұрыс даласынан кетпеді. Осы көзсіз ерлігі үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылдың 30 қаңтарында Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы берілді.
Алматыда өзі тұрған үйі мен қызмет атқарған институтында Мәлік Ғабдуллинге арналып мемориалды тақта орнатылған. Батыр туып-өскен Зеренді ауданында мектеп пен көше аттары берілген, сондай-ақ, ескерткіші сомдалған. Астана, Алматы мен Көкшетауда көшесі бар және облыс орталығында музейі жұмыс істейді.

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст