Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрманов

06.05.2020

 Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрманов 1918 жылдың 15 шілдесінде Атбасар ауданындағы Қосбармақ ауылында дүниеге келген.
Атбасар қазақ мектеп-интернатында білім алып, 1939 жылдың күзінде Қызыл Армия қатарына міндетті әскери борышын өтеуге шақырылған. Коммунистік партия қатарына өткен пулеметшілер бөлімшесінің командирі, гвардия сержанты Ақан Құрманов 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Днепр өзенінен өту кезіндегі қиян-кескі шайқаста ерлікпен көз жұмды. Сүйегі Чернигов облысы Репкинский ауданының Мысы селосында жерленген. Ақан Құрмановқа қаза тапқан соң, 1944 жылдың 15 қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Атбасар тарихи-өлкетану музейінің Ұлы Отан соғысына арналған залында Ақан Құрмановтың жеке қолданған заттары сақталған. Мұнда фотосуреттерін, былғары плащы, әскери билеті және Кеңес Одағының Батыры атағы берілгені туралы қаулыны көруге болады. Ақан Құрманов – орталық майданның 61-армиясында, 76-гвардиялық атқыштар дивизиясының 234-атқыштар полкінің 2-ротасындағы пулеметшілер бөлімшесінің командирі болған. Мұражайға қойылған хатының бірінде жауынгер былай деп жазыпты: «КПСС мүшелігіне өттім, Чернигов атындағы гвардиялық 76-шы атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа кірістім. Фашистерді өздері қазған көріне өздерін көмеміз».

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст