Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов

05.05.2020

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 1922 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Майбалық ауылында дүниеге келген. Кішкентай кезінен ұшқыш болуды армандаған ол 1940 жылы Балашов әскери авиация мектебіне оқуға түсіп, кейін Чкалов әскери авиация училищесіне ауыстырылады. Ал, 1943 жылы қаңтар айында майданға алынып, басқыншы жаумен болған әуе ұрыстарында өзінің көзсіз ерлігімен ерекшеленді.
Атақты ұшқышқа Кеңес Одағының Батыры атағы алғашқы рет 1944 жылдың 26 қазанында Знаменка, Кировоград қалаларын жаудан азат ету кезіндегі ерлігі, яғни, жаудың 4 ұшағын жойғаны үшін берілді.
1-ші Украин майданында ұрысқа қатысқан эскадрилия командирі, гвардия капитаны Талғат Бигелдинов өзінің ерлік жолын одан әрі жалғастырды. Ол соғыс кезінде барлығы 305 рет жауынгерлік тапсырмаларға ұшып шығып, жаудың бекіністерін, әуежайларын, теміржол тораптарын, көпірлер мен шоғырланған жау әскерін қиратып, жермен жексен етті.
1945 жылдың 27 маусымында өз эскадрилиясына білікті басшылық жасап, Краков, Оппельн, Катовице, Бреслау және Берлин қалалары үшін болған ұрыстарда көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Қазақ тарихында есімі алтын әріппен жазылып қалған даңқты жерлесіміздің жүрегі 2014 жылдың 10 қарашасында 93 жасқа қараған шағында мәңгілікке соғуын тоқтатты. Алайда, адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыста өшпес ерлігімен көзге түскен Ақмоланың ақиық қыранының аяулы есімі ұрпақтан-ұрпаққа жасай береді.

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст