Государственное коммунальное казенное предприятие «Индустриально-транспортный колледж города Ерейментау при управлении образования Акмолинской области»
«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Ерейментау қаласы индустриалды-көлік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шаңырақ күні

20.03.2024

Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің төртінші күні - «Шаңырақ күні».
Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.
Шаңырақтарыңыз биік,керегелеріңіз кең,босағаларыңыз берік болсын!

Просмотров: 447


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст