Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні қарсаңында колледжде 1 курс студенттері интернационалист –жауынгерлер Б.Я.Измайлов және М.С.Саликовпен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Е.И.Абдрахманов шақырылды. Іс-шара барысында студенттер ауған соғысының тарихымен және Ауғанстанға әскерлерді енгізу себептерімен танысты, кездесу қонақтарынан сол оқиғалар туралы естіді. Кездесу барысында ауған соғысы туралы өлеңдер айтылып, сұрақтар қойылды. Іс-шара соңында қонақтарға Ерейментау ауданының ЖРО естелік сыйлықтары табысталды. Кездесуден кейін іс-шара саптық дайындық байқауымен жалғасты, оның барысында орындар келесідей бөлінді:
1 орын-АЖС 1-1 тобы
2 орын-С2-1 тобы
3 орын-1-2 топ
Бейне @jro_ereimentau дайындалды