Техникалық және кәсіптік оқыту жүйесіндегі білім беру ұйымдарының негізгі бағыттарының бірі білікті кадрларды даярлау болып табылады. 2023 жылы колледж "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" ("автомобильдерді жөндеу слесарі" біліктілігі); "Тамақтануды ұйымдастыру" ("аспаз", "кондитер" біліктілігі); "Фермер шаруашылығы"/ "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" ( "ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі" біліктілігі)мамандықтары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырды және жалғастыруда
Колледжде студенттердің практикадан өтуі үшін кәсіпорындармен ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы әзірленді. Қала және аудан кәсіпорындарымен және ұйымдарымен жасалған шарттардың серпіні оқу процесін ұйымдастыруға және практиканы өткізуге қатысатын әлеуметтік әріптестер санының артқанын көрсетеді.
Дуальды оқыту-81%, мақсатты оқыту-19% құрайды. Оқу жылының басында колледж қала және аудан кәсіпорындарымен: дуальді оқыту бойынша 37, нысаналы оқыту бойынша – 4 шарт жасасты. Колледждің негізгі әлеуметтік серіктестері "811 автожөндеу зауыты", ЖК "Қалиев", ЖК "Мандаев", ЖК "Ешутин". Жыл сайын Студенттер мен өндірістік оқыту шеберлері WorldSkills облыстық кәсіби шеберлік байқауына қатысады . "WorldSkills Aqmola-2023" сертификатымен өндірістік оқыту шеберлері арасында "Аспаз дело" құзыреттілігі бойынша қатысқаны үшін шебер В.К. Ботизату марапатталды.
"WorldSkills Aqmola-2023" сертификатымен "Жеңіс автомобильдерге қызмет көрсету" құзыреттілігі бойынша белсенді қатысқаны үшін колледж студенттері Б. Амангелдиев, Е. Аманқұлов марапатталды. 2023 жылы колледжде оқуды 61 түлек аяқтады, оның ішінде 23 түлек ҚР ҚК қатарында қызмет атқарады, 5 студент жоғары оқу орындарына түсті, 18 адам жұмыс істейді, 3 студент жастар практикасы бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Қазіргі уақытта колледжде 155 студентті қамтитын 9 оқу тобы жұмыс істейді.