Колледждің тәрбие қызметіндегі басым міндеттер белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны қалыптастыру, студенттерде патриоттық сананы, құқықтық мәдениетті, рухани - адамгершілік және отбасылық құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. 2023 жылы білім алушылардың жеке басын тәрбиелеу бойынша жұмысты жоспарлау ҚР Білім Министрлігінің әдістемелік ұсынымдарын, жекелеген бағыттар бойынша кешенді жоспарларды ескере отырып жүргізілді. Колледж студенттері көптеген қалалық, аудандық, облыстық іс-шараларға қатысты. Студенттік өзін-өзі басқару белсенді жұмыс істеді, оны 3 курс студенті Амангелдиев Батыржан басқарды. Ерейментау ауданының ЖРО құрылған сәттен бастап колледж 10 жыл бойы орталықпен тығыз жұмыс істейді. Жыл бойы С2-1 тобының 2 курс студенттері арасынан еріктілер тобы белсенді жұмыс істеді (өндірістік оқыту шебері Д.Ж. Ибраев). Балалар жалғызбасты зейнеткерлердің үйге іргелес аумақты қардан тазартуға, қайырымдылық акцияларына және басқа да іс-шараларға қатысты. Еріктілер күні қарсаңында ең белсенділері Ерейментау ауданының ЖРО грамоталарымен марапатталды.Жаңа оқу жылында колледждің тәрбие жұмысы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша "Біртұтас тәрбие бағдарламасына" сәйкес жүргізіледі: ұлттық мүдде, ар-ұят,талас.