Студенттердің құқықтық мәдениетін және өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында 25.09. колледжде құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті:
- Ерейментау аудандық сотының судьясы Ж. А. Үсен
- Ерейментау аудандық прокуратурасының прокуроры А. Т. Баешев
- Ерейментау АПБ учаскелік инспекторы Д. Х. Даирбеков
Кездесудің модераторы судья Ж. А. Үсен болды
Әңгіме басында Д.Х. Даирбеков студенттерді аудандағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық туралы мәліметтермен және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.
Бұдан әрі Ж. А. Үсен өз сөзінде жасөспірімдердің назарын кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығына, кәмелетке толмағандардың көлігін жүргізу, электрондық темекіні пайдалану және т. б. мәселелеріне аударды.
А.Т. Баешев жасөспірімдерді өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға, сабақтан қалмауға, өз болашағы үшін теріс қылықтар жасамауға шақырды.
Кездесу соңында қонақтар студенттерге жалпыадамзаттық құндылықтарды есте сақтауды, белсенді азаматтық ұстанымды ұстануды және өз елінің лайықты азаматтары болуға ұмтылуды тіледі.