Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік рәміздері күні

08.06.2023

Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 31 жыл толып отыр. 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның туы, елтаңбасы мен әнұраны ресми түрде бекітілген болатын. Ал 2007 жылы "Мемлекеттік рәміздер туралы" конституциялық заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.Мемлекеттік ту эскизі бойынша 1200 өтінім түскен. Соның ішінен суретші Шәкен Ниязбековтың нұсқасы бекітілді.Конкурсқа елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 кескіндемесі ұсынылды. Комиссия барлық үлгіні жіті қарап шықты. Содан сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегі үздік деп танылды.2006 жылы Қазақстанның жаңа мемлекеттік әнұраны қабылданды. Халық арасында кеңінен танымал "Менің Қазақстаным" патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәтінге біршама өзгеріс енгізді. Сөйтіп, авторлардың қатарына қосылды.

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст