№8 АТК КММ-де Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай оқулары» өтті. Іс-шараны жүргізушілер (КФ 8-3) М.Дайнеко мен (ТҰ 1-1) Пустовар Иван ашты. Әуезді әуенмен Абайдың өлеңдері мемлекеттік және орыс тілінде оқылды.
ТҰ 2-1 тобының студенттері Хожек Айгүл мен Бекбатырова Айым «Көзімнің қарасы» атты әнің орындады. Әуенді әуенмен «Желсіз түнде жарық ай» әні хормен орындалды. Кітапханашы Д.К.Амирова көрермендермен викторина өткізді. ТҰ 3-1 тобының студенті Алахай Амангүл Абайға арналған өзі шығарған өлеңін оқып берді. Соңында «Рефлексия – кластер» өткізіліп, мұнда «Абай кім?» ассоциациясында студенттер сайысты. Әділқазылар қорытындысын шығарды:
1 орын – Жантасов Дамир, С-1-1 тобы
2 орын – Камесхан Асель, КП -1-1 тобы
3 орын – Бакланова Ева, ТҰ 1-1 тобы
Қазылар алқасы студенттерге белсенді қатысқаны үшін диплом мен мадақтама марапаттады.