Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Инновациялық жұмыстар конкурсы

23.09.2022

8-25 қыркүйек аралығында колледж оқытушылары арасында инновациялық жұмыстар байқауының І кезеңі өтті. Құзыретті қазылар алқасының шешіміне 3 бағыт бойынша жұмыстар ұсынылды: 1 бағыт – физика пәнінің оқытушысы Ибраева А.Б дайындаған оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім. Әсел Батырбекқызы «Ғарыштану» бөлімі бойынша физика сабақтарына арналған әдістемелік әзірлемелер кешенін әзірледі; 2 бағыт – тәрбие жұмысына арналған әдістемелік өнімдер. Тарих пәнінің оқытушысы Исина С.К. әріптестердің қарауына  «Қазақстан Республикасының атаулы даталарына арналған, сонымен қатар Қазақстанның көрнекті тұлғаларының өмірі мен қызметі туралы баяндамалар жинағы» ұсынды. Сәуле Қуандыққызы өз аннотациясында топтамасының мақсаты – Отанға деген парасатты және эмоционалды көзқарасы бар патриот және азаматты қалыптастыру екенін атап өтті. Байқаудың 3-ші бағыты – ғылыми-зерттеу қызметі бойынша химия-биология пәнінің оқытушысы Рыженко А.И.-ның «Колледждегі биология пәні бойынша студенттердің оқу-зерттеу іс-әрекеті» атты ғылыми-зерттеу жұмысын дайындады. Анна Ивановна өз жұмысында соңғы нәтижеге негізделген студенттермен бірлескен ғылыми жұмысты көрсетті.  Оқытушылардың барлық жұмыстары жоғары бағаланып, облыстық деңгейдегі байқаудың ІІ кезеңіне қатысуға ұсынылды.

Закарина А.М., 

«Ерейментау агротехникалық

колледжі» МКҚК әдіскері

Просмотров: 115


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст