Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мейрам болсын, біздің тату халқымыз!

14.12.2021

                        

Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығына

Мейрам болсын, біздің тату халқымыз!

Тәуелсіздік күні қарсаңында осынау тамаша мерекенің 30 жылдығына арналған шаралар барлық жерде өтуде. Біздің колледжде де Қазақстан қоғамы үшін осы салтанатты да атаулы күнге орай түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.   Ашық сынып сағаттары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен кураторлар апталығы аясында топтарда өткізіліп, тәуелсіздік пен жаіа Қазақстан мемлекетінің өркендеуі тақырыптары ортақ тақырып болып табылады.

Колледжде Ерейментау ауданы бойынша РМЦ мен бірлесіп 1-2 курс студенттері арасында дәстүрлі «Егер мен келін болсам» байқауы өтті. Қазылар алқасының құрамында мемлекеттік қызмет ардагері Ахмедьярова К.Д., тілдерді дамыту орталығының директоры Шахатова Ж.Г. және РМЦ директоры Хабибуллина З.Р. қатысушыларға объективті баға берді. Болашақ келіндер ас әзірлеу, пішу, тігу шеберлігі бойынша сайысқа түсті, сонымен қатар өздерінің тапқырлықтары мен щығармашылық қабілеттерін  көрсетті. Нәтижесінде 3 курс ТА -3-1 тобының студенті Аятхан Нұржан Гран-при иегері атанды, оның сыныптасы Дашын Мерей 1 орынды, ОП 2-1 тобының студенттері Рүстемова Мадина мен Полякова Ольгаға 2 және 3 орынға лайықты болды. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, онда облыстың жастар ресурстық орталығы байқаудың демеушісі болды.

Елбасы күні Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» тақырыбында салтанатты линейка өтті.  Студенттер өлең оқып, патриоттық әндер шырқаса, «Салтанат» би үйірмесінің мүшелері халық биін биледі.

Сондай-ақ әскери спорттық жарыстар өтті, оған «Жас салбаз» әскери – патриоттық клубының 1 курс студенттерінен құралған слесарлар, тракторшылар және аспазшылар командалары қатысты. Отанның болашақ қорғаушылары түрлі эстафеталарға қатысты, онда белгілі бір уақытта жауынгерлік тапсырмаларды орындау талап етілді.  Нәтижесінде 1 орынды С 1-1 тобының командасы иеленсе, екінші бірдей ұпай санымен ОП 1-2 және КМ 1-1 топтарының командасы 2 орынды иеленді.

Бахриденов К.К. жетекшілігімен колледж еріктілері «Игі істер автобусы» жобасына қатысып, жалғызбасты зейнеткер Казаченко Ф.И. аула аумағын қардан тазартты.  Сондай-ақ, кітапханашы Д.К.Амирова өткізген өлеңдер сайысына, «Туым – Қазақстаным» атты патриоттық флешмобқа және «Тәуелсіздік мен үшін не?» челленджіне студенттер белсене қатысты.

Барлық жоспарланған іс-шаралар актовый залында өтетін гала-концертпен аяқталады.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу – біздің оқу орнымыздағы оқу-тәрбие процесінің маңызды мақсаттарының бірі. Жігіттердің мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын зерделеуге деген қызығушылықтары, топта да, колледжде де өткізілетін іс-шараларға белсене қатысуы қуантады.

А.М.Закарина,

Ерейментау қаласы,

 Агротехникалық колледжінің

әдіскері

Просмотров: 123


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст