Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25.09.2025

🎊 Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялайды

🛎 Еліміз бойынша 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстаз - ұлт шамшырағы» онкүндігі өтеді. Оның аясында өңірлерде күн сайын педагогтерге арналған мерекелік және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама педагог мәртебесін көтеруге, ұстаз мамандығын кеңінен насихаттауға, оның қоғамдағы ерекше рөлін баса  көрсетуге бағытталған.

💡 Ұстаздық - мамандық қана емес, ұлы миссия. Педагогтер өскелең ұрпақты тәрбиелеп, ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастырады, әр баланың өз жолын табуына көмектеседі. Қазіргі таңда еліміздегі 22 мыңнан аса білім беру ұйымында 6 миллионға жуық оқушыға 600 мыңнан астам педагог білім беруде.  

⚜️ Оқу-ағарту министрлігі «Ұстаз - ұлт шамшырағы» онкүндігі аясында «Ұстазыңды құттықта!» челленджін жариялайды. Бұл шараның мақсаты әр балаға тәлім мен тәрбие, өнеге берген, оның тұлғалық қалыптасуына үлес қосқан ұстазға алғыс пен құрмет сезімін білдіру.  

✅ Челленджге барлық ниет білдіруші қосыла алады, ол үшін:

* әлеуметтік желілерде #Ұстазыңдықұттықта #ПоздравьУчителя хэштегтерімен құттықтау жариялаңыз;
* өз ұстазыңызға қоңырау шалып, жылы лебізіңізді білдіріңіз;
* құттықтау хатын жіберіп, естеліктермен бөлісіңіз.

🖇 Еске сала кетейік, 2023 жылдан бері Қазақстанда Ұстаздар күні ресми түрде 5 қазанда атап өтіледі. Бұл күні еліміздің түкпір-түпірінде ұстаз еңбегін ұлықтауға арналған әртүрлі мерекелік шаралар өтеді.

Просмотров: 286


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст