Текст
22 қыркүйекте Тілдер мерекесіне орай № 8 Агротехникалық колледжде «Тамақты ұйымдастыру» мамандығы
бойынша ОП-11 тобында ашық сабақ өтті. Мақсаты: студенттерді өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына, өз тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, келер ұрпаққа Мемлекеттік тіліміздің қадір – қасиетін дарыту, студенттерді тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлесуге баулу. Үш тіл білу қазіргі заманның талабы
екенін ұғындыру.
Тіл – ұлттың жан жүрегі. Тілсіз ұлт – ұлт емес. Тілдің жоғалып өшпеуі, Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен Мемлекеттік тілімізді дамытуға күш салып, бәріміз еңбектенуіміз керек.
Әдіскер: Картаева А.Ж.