22 сентября является значимой датой, ставшей общим праздником для всех народов Казахстана. В рамках празднования «Дня языков народов Казахстана» в Агротехническом колледже № 8, в группе ОП-11 специальность «Организация питания» прошел классный час «Туған тілім, туған елім – тал бесігім!».
Цель: воспитывать любовь и уважение к языкам народов РК, формировать навыки речевого общения. Поставленные цели полностью были достигнуты. Преподаватель казахского языка Боташ Капезович акцентировал внимание на том, что в основе многонационального праздника - дня языков народов РК лежит идея: каждый язык-это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура - это бесценный вклад в мировую цивилизацию. Подводя итоги во время классного часа, студенты пришли к выводу: хорошее знание языка и развитие родного языка, умение пользоваться выразительными средствами иностранных языков –самая лучшая опора ля каждого человека. Для дальнейшего процветания и развития нашего государства обязательно знание казахского, русского и английского языков.
Методист Картаева А.Ж.
Туған тілім, туған елім – тал бесігім!
Сабақ тақырыбы: «Тіл – татулық тірегі».
Мақсаты: студенттерді өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына, өз тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, келер ұрпаққа Мемлекеттік тіліміздің қадір – қасиетін дарыту, студенттерді тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта
алуға, топ алдында еркін сөйлесуге баулу. Үш тіл білу қазіргі заманның талабыекенін ұғындыру.
Тіл – ұлттың жан жүрегі. Тілсіз ұлт – ұлт емес. Тілдің жоғалып өшпеуі, Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен Мемлекеттік тілімізді дамытуға күш салып, бәріміз еңбектенуіміз керек.
Қазақ тілі – Атаң, Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл,
Тең келмейді қатар оған, - демекші бүгінгі «Тіл – татулық тірегі» атты толғауы тоқсан қызыл тілге арналған сайысқа қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Қазекем мақтанады ұрпағымен,
Көрінсін
ұландарым бар қырымен
Танытсын кім екенін мына көпке,
Аты – жөнін ата –
баба жолыменен, - демекші әр топ өздерін таныстырып өтсін. (Қатысушылар өздерін
таныстырады. Топтың аты және ұраны).
Кім жеңеді жеңісте үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Әділқазы алқасы атыңды ақта,
Жүйріктерге арман мен бақыт жолда, - дей келе сайыстың
әділқазылар алқасын сайлап алайық.
(Әділқазылар алқасын сайлау).
Жүргізуші: Бүгінгі сайыс бес
кезеңнен тұрады.
1- кезең. Таныстыру;
2 - кезең. Жедел жауап;
3 - кезең. «Полиглот» жарысы;
4 - кезең. «Жорға» жарысы;
5- кезең. «Ән сайысы».
Жарыста озып шығар жүйріктері,
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.
Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,
Таң қалдыр, біліміңмен көрерменді, - деп 2 кезеңді бастайық.
2 - кезең. Жедел
жауап.
Топ басшылары бір әріпті таңдайды. Менің сұрағыма сол әріптен басталатын жауаптар айту керек. Б; Қ; Т; А. (төрт команда).
Б – дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?
1. Қала – Баласағұн
2. Көл – Балхаш
3. Батыр – Бөгенбай
4. Жазушы – Бердібек Соқпақбаев
5. Әнші – Бейбіт Қорған
6. Сәндік бұйым – Білезік
7. Ойын – Бәйге
8. Космодром – Байқоңыр
9. Ұлттық тағам – Бесбармақ
10. Киім - Бөрік
Қ – дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?
1. Қала – Қарағанды
2. Мемлекет – Қазақстан
3. Батыр – Қабанбай
4. Музыкалық аспап – Қобыз
5. Хан – Қасым хан
6. Ұлттық тағам – Қазы
7. Күйші – Құрманғазы
8. Қыздың есімі – Қарақат
9. Сан - Қырық
10. Көкөніс – Қарбыз
А – дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?
1. Қала – Алматы
2. Хан – Абылай
3. Ақын – Абай
4. Ай аты – Ақпан
5. Ұлттық тағам – Айран
6. Жабайы аң – Арыстан
7. Жеміс – жидек – Алхоры
8. Ұлт – Араб
9. Сан – Алпыс
10. Ойын – Алтыбақан
Т - дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?
1. Қала - Түркістан
2. Хан – Тәуке
3. Сан – Тоғыз
4. Ұлттық ойын – Тоғыз құмалақ
5. Ұлдың есімі – Темірлан
6. Төрт түлік мал – Түйе
7. Ұлттық бас киім – Тақия
8. Ұлт – Түрік
9. Валюта – Теңге
10. Спорт түрі – Теннис
3 - кезең «Полиглот» жарысы
Қазір мен мақал - мәтелдер оқимын, мақал –мәтелдердің бір
сөзіне сұрақ қоямын, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріңде беретін
боласыздар.
1. Өнер алды қандай тіл? (Қызыл, красный, red)
2. Нені қызған кезде соқ? (Темір, железо, metal)
3. Сөз атасы? (Құлақ уши)
4. Жол атасы? (Тұяқ, капыта)
5. Не атасы бұлақ? (су, вода, water)
6. Жасында қылжың болсан, өскенде кім боларсың? (Мылжың, болтун, talkative)
7. Ерлік бірлікте емес, неде? (Жүректе, сердце, heart)
8. Не өткір? (Тіл , язык, language)
9. Ел іші қандай бесік (Алтын, золото, gold)
10. Оқу – білім бұлағы, білім не шырағы ( өмір, жизнь, live)
11. Жаңбыр жаумаса не жетім ( жер, земля, earth)
12. Анаға кім қарап өсер? (қыз, девочка, girl)
13. Не тас жарады,тас жармаса бас жарады? (тіл, язык, language)
14. Балалы не базар? (үй, дом, house)
4 - кезең «Жорға».
Әр ойыншы сұрақтарға жауап беруі керек.
1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
2. Қандай Мемлекеттік рәміздер бар?
3. Қазақстан туында не бейнеленген?
4. Елтаңбада не бейнеленген?
5. Қазақстан Республикасының ән ұранының сөзін және әнін кімдер жазды?
6. Қазақстанның қандай мерекелері бар?
7. Бала дүниеге келгенде жасалатын той?
8. Бала алғаш мектепке барғанда жасалатын той?
9. Конституция күні?
10. Киіз үйдің төбесі?
11. Алғашқы мектепті ашқан кім?
12. Қыс айларын ата?
13. Наурыз мерекесі қашан?
14. Аптаның алтыншы күні?
15. Тәуелсіздік күні қашан?
16. Қазақстан Республикасының ақшасы?
17. Мемлекеттік тіл?
18. Қазақ қандай халық?
19. Жылдың мезгілдерін ата?
20. Қазақтың ең сыйлы асын ата?
21. Еттен жасалатын ұлттық тағамдар ?
22. Сүттен жасалатын тағамдар?
23. Биенің сүтінен жасалатын сусын?
24. Тәуелсіз Қазақстан сөзі қалай аударылады?
5 - кезең «Ән сайысы».
Барына риза болсын
көрермендер,
Үйретті білмегенге білімділер
Осымен бұл сайысты тәмамдасақ,
Тағы да жүздесерміз белестерде, - дей келе бүгінгі
біздің
«Тіл – татулық тірегі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Қай топтың жеңгенін анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
«Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, №8 Агротехникалық колледж» КММ
Оқытушысы Альжанов Б.К.