«Үздік өндірістік оқыту шебері - 2017»
Жуырда колледжде «Үздік өндірістік оқыту шебері - 2017» сайысы өтті. Онда өз шеберлігін
«Тамақтануды ұйымдастыру» Бекмагамбетова Сания, Мелентьева Людмила, «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеужәне пайдалану» Дюсембаев Орынбай,«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» Абилдин Айтпай мамандықтары бойынша өндірістік оқыту шеберлері көрсетті. Әділ қазылар алқасының құрамына колледж басшысының ОӨЖ бойынша орынбасары Мусабаев Қайрат, аға мастер Меркульев Иван, гуманитарлық пәндерінің МҰ төрағасы Альжанов Боташ, арнайы пәндердің оқытушысы Утегенова Жадыра кірді, ал қазылар алқасының төрайымы болып Исина Сауле сайланды.
Сайыс үш номинация бойынша өтті. Бірінші номинация «Мен - өндірістік оқыту шеберімін!» атты мақсаты - өз-өзін таныстыру болды. Сайыскерлер презентация арқылы және студенттердің қолдауымен өздерінің педагогикалық ұстанымдары мен мақсаттары, жетістіктері туралы қызықты түрде жеткізді.
«Шығармашылық лаборатория» номинациясында әр қайсысы педагогикалық портфолио, ашық сабақтарының
әдістемелік талдамаларын және тағы да әдістемелік жинақтарын әділ қазылар алқасына ұсынды.
Сайыстың соңғы номинация «Практикалық оқыту» деп атталды. Онда сайыскерлер өндірістік
оқыту бойынша сабақтарынан бейнеролик арқылы шеберлік –класстарынан үзінділерін дайындап көрсетті.
Сайыстың қорытындылары келесідей нәтежеге келді. 1 орынға –өндірістік оқыту шебері Абилдин Айтпай ие болды, 2 және 3 орын Мелентьева Людмила және Дюсембаев Орынбайға берілді. Ал Гран-приге жас маман Бекмагамбетова Сания қол жеткізді.
Біздің әріптесімізге облыстық сайысында биік шыннан көрінуді шын жүректе тілейміз!
Закарина А.М, әдіскер