Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мейірім бумерангы»

10.03.2021

"Мейірім бумерангы»

   Жақында студенттер командасы "Бөбек" Ұлттық ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы мен "өзін-өзі тану" гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен "Өзін-өзі тану"пәні бойынша ТжКБ ұйымдарының білім алушылары арасындағы Республикалық олимпиадаға қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілеттерін және адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын көтермелеу, жеке қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылу болды.

 Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Мұсабаев Қайрат Әбілқайырұлының жетекшілігімен «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша 1 курс студенттері Полякова Ольга, Тлегенова Гүлзат, Талимов Айбек өз командасын"Мейірімділік хабаршылары" деп атады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Біріншісі кезең бойынша қызметті және қызмет нәтижелерін көрсететін әлеуметтік ролик дайындау, балалар "Мейірім бумерангі"деп атады. Екінші кезеңде команда қатысушылары ZOOM платформасында тестілеуден өтті.

Белсенді қатысқаны үшін студенттер және олардың жетекшісі Мұсабаев Қ.А. "Бөбек"Ұлттық ғылыми - практикалық, білім беру сауықтыру орталығының сертификатымен марапатталды.

 Бұл студенттер командасының осындай деңгейдегі олимпиадаға алғашқы қатысуы болды, дегенмен балалар өздерінің ерекше қабілеттерін, әртістігі мен ойлау ерекшелігін көрсетті.

Просмотров: 147


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст