Өткен аптада педагогикалық кеңестің отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды:
1."Тәуекел аймағына"түсетін 1 курс студенттеріне әсер ететін факторлар. (Т. Зарипов, психолог)
2.Педагогтерді «Суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудың және олармен әрі қарай жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін бекіту, сондай-ақ суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін бекіту» ДСМ және ОМ бірлескен бұйрығымен таныстыру. Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша педагогтердің іс-әрекеттері. (С. Исина, басшының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары)
3.Студенттерді аралық аттестаттауға дайындау және өткізу туралы.(Л. Мелентьева, басшының оқу жұмысы бойынша орынбасары)
4.2-3 курс студенттерінің өндірістік практикадан өткендігі туралы есеп.(Д. Ибраев, басшының өндірістік жұмысы бойынша орынбасары)
Отырыс барысында оқу процесіне және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жағдай жасауға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.