Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Ерейментау каласы, Агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

СоцСети

   /public/files/2018/2/23/230218_121412_ok.png https://www.instagram.com/atk_ereimentau/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Чемпионат жалғасуда

16.02.2021

WorldSkills -2021

Чемпионат  жалғасуда

 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша WorldSkills -2021 чемпионатының колледжішілік  келесі кезеңі өтті. Колледж шілік чемпионатқа "Тасқалаушы- «Ағаш ұстасы" тобының екінші курс студенттері қатысты. Сайысқа қатысушылар "Тас қалау" компетенциясы бойынша біліктілігін корсетті. Чемпионаттың әдістемесіне сәйкес конкурс үш модульдан құралды:бірінші модуль-қабырға қалыңдығы бір кірпіш (250 мм) болатын негізгі қабырға қалау.Екінші модуль-ара қабырғаны қалау. Үшінші модуль-қабырға қалыңдығы бір кірпіш (250 мм) болатын негізгі қабырғада терезе ойығын қалау. Әр модульды  өткізу үшін  60 минут уақыт бөлінді.

         Чемпионат басталар алдында студенттер техника қауіпсіздік ережесімен танысып тапсырмаларын орындауға бет алды. Сайыс кезінде студенттер жұмысқа бар ынталарын, қызығушылықтарын білдіртті.

         Мұндай колледжішілік чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты-WorldSkills -2021 өңірлік кезеңіне іріктеу, сондай-ақ жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына бағдарланған кәсіптік білім берудің қажеттілігін арттыру. Сонымен қатар, мұндай жарыстарға қатысу студенттерге өздерінің дайындық деңгейлерін бағалауға және оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін береді.

         Чемпионаттың әдістемесіне сәйкессараптамалық комиссия «Тас қалау» құзыреті бойынша жеңімпаздарды анықтады:

         1 орынға Тлеуберген Нұртілеу ие болды,       2 және 3 орынды қазылар алқасы Магрупов Бауржанмен Аубакир Алхатқа берді.

 

 Данияр Нуржанов,

өндірістік оқу шебері,

Просмотров: 150


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст